Америка мен сионистік режим әуе күштері үшін Иран аспанындағы қара күн

ParsToday – Ислан революциясының Сақшылар корпусы мәлімдеме жариялап, Иран аспанын қорғаушылар ұшқыштан тыс бір соғыс ұшағын және бес ұшқыш апаратын құртып, Америка әуе күштері мен сионистік режим үшін Иран аспанында қара күн болғанын хабарлады.

Бұл мәлімдемеде былай деп айтылған: «Сақшылар корпусы әуе қорғанысының әуе ғарыштық күштерінің жауынгерлері Хомейн және Занджан әуе кеңістігінде 2 круиз зымыранды, Исфаһан аспанында 2 MQ-9 шабуыл дрондарын және Бушер аспанында бір Hermes дронды жаңа қорғаныс жүйесі және ел әуе қорғанысының біріккен желісінің бақылауымен Иран аспанында аңықтап, жойды».

Мәлімдеме былай деп жалғастырады: «Сақшылар корпусы әуе қорғанысы Иран орталығындағы жау ұшағын сәтті жойды».

Бұл мәлімдеменің соңында: «Иран әуе қорғанысының жауынгерлерінің тұрақты және дәл бақылауы жалғасуымен, Иран аспаны жау ұшақтары үшін одан да қауіпті болады»,- деп ескертілді.