Амир Хатами: Дұшпанның біреуі де тірі қалмауы керек

ParsToday- ИИР Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы әскери операциялық орталықтарға бұйрық берді: «Жаудың қозғалыстары мен әрекеттерін максималды дәлдікпен сәт сайын бақылаңдар және дұшпанның шабуыл әдістеріне қарсы жоспарларды тиісті уақытта іске асырыңдар».

ParsToday мәліметінше, Иран Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы, генерал-полковник Амир Хатами Иран бойынша жаяу әскер, әуе қорғанысы, әуе және теңіз күштерінің қолбасшылары мен операциялық орталықтарымен Иран Қарулы күштерінің басқару және бақылау орталықтарының бірінен онлайн байланыс арқылы сөйлесіп, әскердің шабуыл және қорғаныс салаларында дұшпанның кез келген озбырлығына қарсы тұруға дайын екенін айтып, қолбасшыларға: «Жаудың қозғалыстары мен әрекеттерін максималды дәлдікпен сәт сайын бақылау керек және дұшпанның шабуыл әдістеріне қарсы жоспарларды тиісті уақытта орындау қажет»,- деп айтты.

Генерал-полковник Хатами: «Егер жау құрылық операцияны жүзеге асырса, бір адам да тірі қалмауы керек»,- деп баса тоқталды.

Ол соңында: «АҚШ-сионистік дұшпанның Иранның исламдық жағалаулары, аралдары мен шекараларына қарсы қорқытуларымен бір мезгілде пайда болған «Иран үшін жанкештілік» халықтық науқанын еске алып, Иран Қарулы күштерінің барлық қызметкерлері өздерін Иранның жанкештері деп санайды және бар күшімен, жанын құрбан етіп, Иранның біртұтастығы мен исламдық Иранның ұлылығы үшін тұр»,- деп мәлімдеді.