Иран Сыртқы істер министрі Тегеранның соғысты аяқтау шарттарына тоқталып, орын жалғасып жатқан процесстің келіссөз емес, хабар алмасу екенін баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи, «Әл-Джазираға» берген сұхбатында тараптар арасындағы қазіргі байланыстар келіссөздердің басталуы емес, тек хабар алмасу түрінде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.Ол бұл хабарлар тікелей немесе аймақтағы достық елдер арқылы жеткізілетінін, оларға ескертулер немесе өзара көзқарастар кіретінін нақтылады.
Арақчи сондай-ақ АҚШ-тың Батыс Азия ісі жөніндегі арнайы елшісі Стив Уиткофф сияқты тұлғалардан хабарлар алатынын, бірақ бұл байланыстарды келіссөз деп есептеу қате екенін айтты.
Иран Сыртқы істер министрі белгілі тараптармен ресми келіссөздерді жоққа шығарып, барлық хабарлар Сыртқы істер министрлігі арқылы, Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің бақылауымен белгілі жағдайда алмасатынын, сондай-ақ қауіпсіздік органдары арасында байланыстар орнатылғанын атап өтті.
Арақчи: «Иран әзірге АҚШ ұсыныстарына жауап бермеді, ешқандай жоспар немесе шарт ұсынбады және келіссөздерге кіру туралы шешім қабылдамады»,- деп қосты.Ол сөзінің жалғасында, соғысты аяқтауға Тегеран шарттарына тоқталып, Иран аймақ деңгейінде соғысты тек шектеулі тоқтата тұру емес, толық тоқтатуды көздейтінін мәлімдеді.
Ол соғысты аяқтаудың негізгі шарттарына шабуылдардың қайталанбауына кепілдік және шығындарды өтеу кіретінін атап өтті.
Ол американдық басшылардың сөздеріне сын айтып, Иран халқына қауіп төндіру қабылданбайтынын, АҚШ президенті құрметпен сөйлеуі керектігін айтты.
Сұхбаттың басқа бөлігінде Арақчи Ормоз бұғазының жағдайы туралы айтып, бұл өткел толық ашық, бірақ Иранмен соғыстағы елдер үшін жабық екенін мәлімдеді.
Ол Иран достық елдер кемелерінің қауіпсіз өтуі үшін қажетті шаралар қабылдағанын, бұл өткел тыныштық жолына айналуы мүмкін екенін қосты.
Иран Сыртқы істер министрі сөзін жалғастырып, Иран кез келген құрылық қақтығысқа дайын, бірақ қарсы жақтар есептеу қатесі жасамағанын үміт ететінін айтты.
Ол Иран соғысты бастаушы емес екенін атап өтіп, Тегеран әрекеттері тек өзін қорғау шеңберінде жүргізілетінін нақтылады.
Арақчи Иран Парсы шығанағы маңындағы достық елдерді мақсат етпейтінін, шабуылдар тек аймақтағы АҚШ базалары мен мүлкіне бағытталғанына тоқталды.
Иран Сыртқы істер министрі көрші елдермен қарым-қатынастың болашағына тоқталып, сенім қалыптастыру жолында кейбір қиындықтар болғанына қарамастан, Тегеран бұл қарым-қатынастар болашақта қалпына келетініне сенімді екенін айтты.