Иранға қарсы соғыс әлемді ядролық қаруға итермеледі

Ресей Федерация Кеңесінің төрағасы: «Америка мен Израиль режимінің Иранға шабуылдары көптеген елдерді ядролық қару – тірі қалудың жалғыз жолы деген қорытындыға жеткізді»,- деп ескертті.

Валентина Матвиенко, Ресей Федерация Кеңесінің төрағасы, көптеген елдердің өзін қорғаудың жалғыз жолы – ядролық қаруға ие болу екенін түсінгенін мәлімдеді.

Матвиенко теледидар бағдарламасында былай деп қосты: «Бүгін көптеген елдер жалғыз қорғаныс құралының – ядролық қару екенін түсінді. Бұл дегеніміз, бір топ мемлекеттер: «Біз ядролық қару жасаймыз, өйткені бұл бізді қорғайтын жалғыз жолы» деп айтуы мүмкін».

Ресей Жоғарғы палатасының төрағасы мұндай өзгеріс қазіргі әлем оқиғаларының салдары болуы мүмкін екенін еске салды. Ол жалғастырды: «Басқаша айтқанда, әлем ақылынан айырылды; барша ақылын пайдаланса, әрекеттерін қайта қарап, тоқтаса, біздің ғаламшарымыз жойылмайды».

Айта кететін жәйт: 28 ақпаннан бастап Америка мен лаңкестік Израиль режимі Ирандағы, соның ішінде Тегерандағы мақсаттарға шабуылдар бастады. Иран өзін қорғау принципі бойынша басып алынған жерлерге және Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына зымырандық және дрондық шабуылдар жасап жатыр.