Ақ үйдің баспасөз өкілі сенбі таңертең атысты толық тоқтатуға қол жеткізу мақсатты келіссөздер өтетінін айтты.
Кэролин Ливит, Ақ үй баспасөз өкілі: «АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс, сондай-ақ Трамптың жоғары лауазымды кеңесшілері Джаред Кушнер мен Стив Уиткофф Исламабадта, Пакістан астанасындағы келіссөздерге қатысады»,- деа хабарлады.
Ливит журналисттерге: «Бұл келіссөздердің бірінші кезеңі жергілікті уақыт бойынша сенбі таңертең өтеді және біз осы бетпе-бет кездесулерді асыға күтеміз» деді.
Ақ үй баспасөз өкілі сөзінің басқа бөлігінде Трамптың Иранға қатысты «қызыл сызықтары өзгермеді» деп мәлімдеді, ол Вашингтондағы журналисттерге: «Президенттің қызыл сызықтары, яғни Ирандағы байытуды тоқтату өзгермеді» деді.
Бұрын Пакістан үкімет басшысы Шахбаз Шариф АҚШ пен Иран делегациялары жұма күні келісу үшін Пакістанға келетінін айтқан еді.
Бұл келіссөздер екі апталық атысты тоқтату жарияланғаннан кейін өтеді. Шын мәнінде, келіссөздер бұл атысты тоқтату тұрақты келісімге айналуы мүмкін бе, соны қарастырады.
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Ираннан 10 баптық ұсыныс алғанын және ол «келісу негізі бола алатынын» айтты.