БҰҰ өкілі тілшілерге: «Біз Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы арасындағы диалог қайта басталады деп үміттенеміз», – деді.
БҰҰ өкілі Тегеран мен Вашингтон арасындағы келіссөздер қайта басталып, атысты тоқтату мерзімі ұзартылады деп үміттенетінін айтты.
«Біз Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы арасындағы диалог қайта басталады деп үміттенеміз», – деді БҰҰ өкілі Стефан Дужаррик сейсенбі күні кешке тілшілерге.
РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ өкілі сонымен қатар: «Біз Иран мен АҚШ арасындағы атысты тоқтату мерзімі ұзартылып, дипломатия толық жүзеге асырылады деп үміттенеміз», – деп атап өтті.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін егер атысты тоқтату мерзімі ұзартылмаса, көптеген бомбалар тасталатынын айтып қорқытқан болатын.
Пәкістанның келіссөздердің кезекті кезеңін өткізуге күш салуы жалғасып жатқанымен, Вашингтонның атысты тоқтату шарттарын сақтамауына, соның ішінде Иран порттарын қоршауға алуына байланысты Иран әлі келіссөздерге қатысатынын жариялаған жоқ.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің спикері және келіссөздер тобының басшысы Мұхаммад Бақер Қалибаф X желісінде Иранның қауіп-қатер жағдайында келіссөздер жүргізбейтінін мәлімдеді.