Бұл аптада жаһандағы интернет-басылымдар Қазақстанға қатысты жаңалықты қалыс қалдырмады. Қытаймен бірлесіп әзірленген астық саудалауға арналған платформаның құрылуы, атом өнеркәсібіндегі отандық технологияның үлесін арттыру жобалары кең талданған. Тау-кен саласындағы алдағы болжам мен жүргізушісіз жүк көліктерін дамыту ісі де айтылыпты.
Xinhua: Қазақстан отандық атом өнеркәсібін дамытпақ
Алдағы жылдары Қазақстан кемінде үш атом электр станциясын салады. Осы бағытта 2030 жылға қарай елдегі атом өнеркәсібіндегі отандық құрамдас бөліктердің үлесін 30 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Xinhua агенттігінің хабарлауынша, жергілікті өндіріске бағытталған қаржының көлемі 4–4,5 миллиард долларға бағаланған. Бұл жоспар атом энергетикасының стратегиялық маңызды инфрақұрылымына отандық кәсіпорындардың қатысуын арттырып, Қазақстанның өнеркәсіптік әрі технологиялық дайындығын күшейтеді деген жоспар бар.
Болжам бойынша, қазір Қазақстан саладағы сұраныстың тек 22 пайызын қамтамасыз етеді.