Алматыда алғаш рет түнгі велошеру өтеді

Іс-шараға 3000-ға дейін адам қатысады деген жоспар бар

Алматыда алғаш рет түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Велошеру сағат 22:00-де Астана алаңында басталады.

Қатысушылар Төле би көшесі – Назарбаев даңғылы – Тимирязев көшесі (Алматы қаласы әкімдігі ғимараты маңы) – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі бағыты бойынша жүріп өтеді.

Іс-шараға 3000-ға дейін адам қатысады деген жоспар бар.

Велошеруге байланысты қалада көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, дейді қалалық әкімдікте.