Армения Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының түпкілікті нәтижеcін жариялады

Арменияның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының соңғы қорытындыларын жариялады. Нәтижесінде «Азаматтық келісім» партиясы жаңа үкімет құру мүмкіндігіне ие болды, деп Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі жазды.

Армения ОСК мәліметінше, сайлауға 1 миллион 476 мың 769 адам қатысқан. Бұл жалпы сайлаушылар санының 58,9 пайызын құрайды.

Дауыс берудің түпкілікті нәтижесіне сәйкес, Ұлттық жиналысқа келесі саяси күштер өтті:

  • «Азаматтық келісім» партиясы – 49,745%;
  • «Күшті Армения» блогы – 23,271%;
  • «Армения» блогы – 9,923%.

Ал «Гүлденген Армения» партиясы дауыстарды қайта санау қорытындысы бойынша 3,989 пайыз дауыс жинап, парламентке өту үшін белгіленген 4 пайыздық сайлау межесінен өте алмады.

Еске салсақ, Арменияда парламент сайлауы 7 маусым күні өтті. Алдын ала қорытындылар бойынша елдің премьер-министрі Никол Пашинян жетекшілік ететін «Азаматтық келісім» партиясы жеңіске жеткен болатын.