АҚШ Ирактағы қарсыласу топтарының жеті қолбасшысына санкция салды

Ирактағы қарсыласу топтарына қарсы соңғы қадамында АҚШ осы топтардың жеті қолбасшысына санкция салды.‌

АҚШ Қаржы министрілігі мен Мемлекеттік департаменттері жұма күні жергілікті уақыт бойынша «Катаиб Хезболла», «Асаиб Ахл әл-Хак», «Катаиб Сайид әл-Шухада» және «Нуджаба Исламдық Қарсыласу Қозғалысы» топтарынан Ирак қарсыласу топтарының жеті жоғары лауазымды қолбасшысына санкция салғанын хабарлады.‌

АҚШ Қаржы министрлігі бұл қарсыласу тобының қолбасшылары аймақтағы АҚШ пен коалициялық күштерге қарсы шабуылдарды жоспарлау мен жүзеге асыруда рөл атқарды деп айыптады.‌

Батыс Азия аймағындағы (Таяу Шығыс) Иранның ықпалынан қорқатын АҚШ Қаржы министрлігі бұл әрекеттің Ирактағы Иран ықпалына қарсы тұрудың кең ауқымды стратегиясының бөлігі ретінде қабылданғанын мойындады.‌

АҚШ Қаржы министрлігі де бұл шара АҚШ мүдделеріне қарсы шабуылдардың жалғасуын болдырмау үшін қабылданғанын мәлімдеді.‌

АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, аталмыш топтар АҚШ атқарушы бұйрықтары бойынша АҚШ-тың арнайы тағайындалған жаһандық террористер (SDGT) және шетелдік террористік ұйымдар (FTO) тізімінде.