Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 160-тан асты

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 164-ке жетті, тағы 971 адам жарақат алды. 

Бұл туралы Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Дельси Родригес мәлімдеді. Ол билік елдің басқа аймақтарындағы құтқару топтарын Каракастың солтүстігіне қарай орналасқан Ла-Гуайра ауданына орналастырып жатқанын мәлімдеді.

– Ол жақта ондаған ғимарат қирады және біз қазіргі уақытта адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қарқынды құтқару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – деді Венесуэла президентінің міндетін атқарушы.

Билік құтқару жұмыстары жалғасып жатқандықтан, қаза тапқандар саны одан әрі артуы мүмкін деп алаңдайды.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:04-те Венесуэлада алғашқы жер сілкінісі тіркелді. Ел астанасынан 200 шақырым жердегі Морон қаласында 13 шақырым тереңдікте 7,2 магнитудалы жер сілкінісі болды. Бірден жер бетіне жақын жерде, небәрі 10 шақырым тереңдікте 7,5 магнитудалы тағы бір жер сілкінісі болды.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, 7,5 балдық жер сілкінісі 1900 жылдан бергі елдегі ең күшті жер сілкінісі болды.