Масуд Пезешкиан: Иран мен АҚШ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға жұма күні қол қойылады

Иран Президенті былай деп баса айтты: «Соғысты тоқтату туралы келісім қажетті үйлестірумен бекітілді және жұма күні қол қойылады деп жоспарлануда».

Масуд Пезешкиан 15 маусым «Кешенді басқару» тақырыбындағы жалпыұлттық конференция аясында  журналистер алдында соғысты тоқтату үшін Иран мен Америка Құрама Штаттары арасында қалыптасқан түсіністікке сілтеме жасай отырып: «Бұл түсіністікке кеше қол жеткізілді; ол қажетті үйлестірумен бекітілді. Бұл түсіністікке қол қою жұма күніне жоспарланған», – деді.

Жаудың соғыс басталғаннан кейін ел күйрейді деп ойлағанын баса айта отырып, Иран Президенті: «Олар ойлағандай болды ма?  Жауап – жоқ,  бұл әкімдердің басқаруына байланысты»,- деп қосты