Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады
Sputnik– Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды.
Қазақстан президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.
“Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды”, – деп жазды президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі.
Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.