Рамазан айы. Жәннат есіктері ашық, илаһи мейірім өзендей ағып жатыр. Рамазан – таусылмайтын нығмет.
Рамазан айы. Жәннат есіктері ашық, илаһи мейірім өзендей ағып жатыр. Рамазан – таусылмайтын нығмет. Бұл ұлы нығмет үшін қала алғыс айтуға болады? Барлық илаһи нығметтер ұлық және олардың барлығына шүкіршілік ету біз үшін парыз. Исламның ұлық пайғамбары: «Иман екі жарты; Жартысы сабыр, жартысы шүкіршілік. Мойынсұну мен күнәларды тәрк етуде сабыр ету және нығметтерге шүкіршілік ету»,- деген. Кез келген нығметке шүкіршілік ету – бұл нығметті дұрыс пайдалану, оны ысырап етпеу. Алла бізге тіл берген болса, оны Алланы зікір ету және Аллаға шақыру үшін пайдаланып, адамдармен жұмсақ, мейірімді сөйлесейік. Ғайбат айту, балағаттау және қарғау, тыйым салынбаған және тыйым салынған нәрселерге қарау, біреудің құқығына қол тигізу және жүректі күнәға ластау – бәрі де илаһи нығметтерді ысырап ету. Біз әрқашан барлық нәрсенің Алладан екенін білуіміз және ұмытпауымыз керек. Бүкіл болмысымыз – Алла Тағаланың бізге ешбір шартсыз, сұраусыз берген нығметі. Сондықтан ешбір шартсыз шүкір ету парыз.
«Алла Тағалаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар». Адамдардың бір тобы жәннатқа жету үшін, екінші тобы тозақ азабынан құтылу үшін Аллаға құлшылық етеді. Имам Әли (ғ.с.) бұл адамдарды саудагер және құл санайды. Бірақ Алла Тағаланың нығметіне шүкіршілік ету үшін ғана құлшылық ететін тағы бір топ бар. Бұл азат адамдардың құлшылығы, Аллаға лайық құлшылық. Азат адамдар кез келген жағдайда Алла Тағалаға шүкіршілік етуді ұмытпаған. Олар бақыт пен денсаулықта болсын, қиыншылық пен ауруда болсын «Әлхамдулилланы» (барлық мақтаулар Аллаға тән) ешқашан ұмытпайды. Имам Мұса Казем (ғ.с.): «Кімде-кім бір нығмет үшін «Әлхамдулиллаһ» десе, сол нығметке шүкіршілік етеді», – деді. Алла Тағала Құран Кәрімде шүкір етсеңдер, міндетті түрде сендерге көбірек нығмет беремін деп уәде еткен. Пәк имамдар (ғ.с.) да шүкіршілікті нығметтерді көбейтіп, кедейліктен сақтану себебі ретінде атаған. Ал шүкір етілмеген нығмет кешірілмейтін күнә болып саналады. Шүкір ету мүмкіндіктің өзі Алланың құлдарына берген нығметі. Бұл нығмет үшін шүкір ету – шүкір етуді және «Әлхамдулиллаһ» деп айтуды жалғастыру. Имам Садық (ғ.с.): «Кімде-кім күннің басында төрт рет «Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән» деп айтса, сол күнге шүкір еткені. Ал егер түннің басында айтса, сол түнге де шүкіршілік еткені. Біз илаһи нығметтерден айырылмас бұрын оларға шүкір етуіміз керек. Өйткені дүние нығметтері мәңгі емес. Бірақ олардың барлығы қиямет күні оларға не істегенімізге куәлік береді. Шүкір айтылған кез келген нығмет біздің оны босқа жоғалтпағанымызды және ысырап етпегенімізді куәлік етеді. Алла Тағала бізге берген нығметін арттырады, бұл ешқашан бітпейтін нығмет.
Қасиетті Рамазан айы баршамызға болмысымызға мән беріп, жүрегімізді кез келген кірден тазартып, кектен айырылуға берілген мұрсат. Бұл айда дүниелік құлшынысы бекінген адамдар үшін осы дүниемен байланысын үзу үшін бір мүмкіндік. Адамның шынайы орыны – дүниелік жағдайлар мен материалдық мүмкіндіктер емес, оның жүрегі. Осыған орай: «Адамның жүрегі оның жәннаты мен тозағы. Егер ол таза және ізгі өмір сүрсе, оның жүрегі жәннатқа жол табады. Егер ол дұшпан және күнәһар болса, оның жүрегі жанып, оны тозаққа жеткізеді.Рамазан – өзімізді жетілдіретін және өзімізді тазартатын ай. «Фұрқан» сүресінің 70-ші аятында: «Бірақ кімде-кім тәубе қылса, сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді»,- деп айтылды. Мұндай өзгеріс Алла Тағаланың күнәларды кешіріп қана қоймай, өткен қателіктерді де сауапты істерге айналдыруына себеп болады.