Бүгін Имам Резаның (ғ.с.) туған күні

Бүгін жұлдыз сынды жарқыраған имам Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.с.) туған күні. Алла елшісі: «Қиямет күні Алламен ашық жүзімен кездескісі келген адам имам Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.с.) достығына ие болуы керек»,- деген.

Бүгін мұсылмандардың мерекесі. Хиджри-қамари күнтізбесінің 148 жылының зилқаеде айының 11 жұлдызы күні Алла елшісінің ұрпағынан шыққан имам Әли бен Мұса әр-Реза (ғ.с.) дүниеге келді. Ол жетінші имамның хазірет Мұса Каземнің (ғ.с.) перзенті және оның анасы ахлағы және иманымен танымал болған Наргес Хатун еді. Бұл қасиетті күні хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің әулетіне сәлем мен салауат айтып, Алладан бұл пәк имамға  нұрын жаудыруды сұраймыз.

Хазірет имам Резаның (ғ.с) бойында басқа биік қырлары мен қасиеттерінің ішінен екі маңызды әрі нұрлы қыр бәрінен де көбірек көрініс тапқан: бірі – хазіреттің жоғары білімі, жан-жақтылығы мен ғылыми үстемдігі болып табылады. Олар көбінесе, таухидтік, ахлақтық және сөз жүзіндегі дәстүрлер мен әртүрлі дін мен мазхаб өкілдерімен ғылыми және жемісті талқылаулар шеңберінде әлемдегі сол заманда кең тараған бірнеше тілді жетік меңгеруімен пайда болып, көрініс тапқан. Сол себепті хазіретті Мұхаммад әулетінің ғалымы не ғұламасы деп атаған. Екіншісі жалпы халыққа, әсіресе қоластындағылаы мен қызметшілеріне, кедейлер мен жарлыларға мейірімділік пен жанашырлық таныту. Сондықтан да бұл хазіретті «имам Рауф», яғни «мейірімді имам» деп те атаған.

Имам Реза өмірінде қарапайым, күй талғамайтын адам болған. Ол хазірет аз тамақтанатын және жеңіл тағамдарды тұтынатын. Өз үйінде қарапайым киім, көбінесе қатты матадан тігілген жейде киген. Ол кісі тек қоғамдық жиындар мен көпшіліктің алдына шыққан кезде ғана үстіне жеңіл шапан жамылған. Имамның жолдастарының бірі Ибн Эбад: “Имам жаз мезгілінде ши тоқыманың үстіне отыратын. Ал қыс мезгілінде кілемшенің үстіне жатып, демалатын. Ол кісі тек кейбір жиындарға ғана тәуір киімін киетін деген.

Имам Реза (ғ.с) анаға мейірімділік танытып, жақсылылқ жасау туралы былай деді: “Ананың құқығы – құқықтардың ішіндегі ең қажеттісі әрі уәжібі. Себебі, ана өз перзентінің ауыр жүгіне шыдап, оны көтереді. Ешбір адам басқа біреуді осылайша арқалауға дайын емес. Ана өз баласына жан-тәнімен қарап өсіріп, сол ісіне дән риза әрі бақытты болды. Сонда ана  қиындықтарға қарамастан, өз перзентін көтерді. Мұндай істі ешкім көтере алмайды. Ол өзі аш қалуға да әзір, тек баласы тоқ болса болғаны. Өзін шөл қинаса да, перзентінің суға шөлі қанса болғаны. Ол киімсіз қалуға да дайын, тек тек баласының үстінде киімі болса болғаны. Өзі күннің астында қалса да, баласы көлеңкеде болса оған одан артық арман жоқ”,- деп айтқан.

Имам Реза (ғ.с) әкені құрметтеу туралы айтқан сөздерінде: “Құдай үш істің келесі үш іспен қатар орындалуын бұйырған: алғашқысы – намаз зекетпен қатар болуы тиіс, яғни намаз оқыған адам зекет бермейтін болса, оның намазы қабылданбайды; екінші, ата-анаға алғыс білдіріп, шүкіршілік ету бұйырылған. Егер адам ата-анасына алғыс білдірмесе, оның Құдайға шүкіршілік етпегені деген сөз; үшіншіден, илаһи тақуалық пен туыстық қатынасты сақтауға бұйырған. Егер кімде-кім туыстық қатынасты үзетін болса, онда ол илаһи тақуалық жасамады деп есептелінеді”,- деп айтқан.