Бұл алдыңғы екі онжылдықтағы шығындар көлемімен шамалас.
Алдағы үш жылда геологиялық барлауға екі онжылдықтағы шығындармен шамалас қаржы салынады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресінің пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда жер қойнауын геологиялық зерттеудің ауқымды бағдарламасы қолға алынды. Қазіргі кезде ел аумағын егжей-тегжейлі геологиялық картографиялау жұмыстары басталды. Ал жер қойнауының геологиялық зерттелу аумағы 2 млн шаршы шақырымнан асады.
«Президенттің тапсырмасы бойынша 2026-2028 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына тек мемлекет тарапынан 470 млн долларға жуық инвестиция салынады. Бұл алдыңғы екі онжылдықтағы шығындар көлемімен шамалас», – деді Бектенов.