Тоқаев Алматыдағы БҰҰ Аймақтық орталығы туралы заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталығын құру туралы екі заңға қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сонымен қатар “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Президенттің пікірінше, Алматыдағы орталық аймақтың дамып жатқан стратегиялық мәнін сипаттайды.