Қазақстан мен Ауғанстан сауда айналымын $3 млрд-қа жеткізуді көздеп отыр

20 маусымда Кабулда Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Хаджы Нуриддин Азизи жыл сайынғы Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумын ашты.

Бұл жолы форум Кабулда өтті. Форумға агроөнеркәсіп кешені, технология, машина жасау, химия өнеркәсібі мен IT саласындағы 50-ден аса компания, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысуда.

2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі $541,8 млн-ды құрады. Сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында сауда айналымын қысқа мерзімде $3 млрд-қа жеткізу міндеті тұр.

Қазақстан Ауғанстанды стратегиялық әріптес және оңтүстік және Орталық Азия өңірінің негізгі логистикалық хабы ретінде қарастырады. Ағымдағы ынтымақтастық шеңберінде жеткізілімдердің тауар номенклатураларын кеңейту, инвестициялар үшін жағдайлар жасау, логистикалық және сертификаттық кедергілерді жою, бизнес пен электрондық сауда алаңдары арасындағы тікелей байланыстарды дамыту жоспарлануда.

Серік Жұманғарин өз сөзінде: «Біздің тарапымыздан біз ауғандық әріптестерімізге астық, ұн, майлы дақыл, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек, өнеркәсіптік жабдық және басқа да сұранысқа ие тауар жеткізудің бәсекелестік жағдайын қамтамасыз етуге дайынбыз. Бұл ретте Қазақстан экспортқа ғана емес, сонымен қатар Ауғанстан аумағында, әсіресе тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тоқыма сияқты салаларда бірлескен өндірістерді іске асыруға мүдделі»,- деді.