Палестина ақпарат орталығының мәліметі бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы Газа секторында 18500-ден астам науқас және жарақат алған адамның, оның ішінде 4000 баланың, емделу үшін аймақтан тыс жерлерге шұғыл түрде көшірілуін қажет ететінін мәлімдеді.
БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дужаррик баспасөз мәслихатында: «Өткелдерге қойылған шектеулер және медициналық үйлестірудің күрт баяулауы мыңдаған адамның өмірін қауіп-қатерге тікті», – деді.
Ол былай деп қосты: «Дереу ауыстыруды қажет ететін жағдайларға соғыс жаралылары, қатерлі ісікпен ауыратындар, бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар және Газадағы денсаулық сақтау жүйесінің күйреуіне байланысты аймақта емделе алмайтын күрделі туа біткен ауытқулары бар балалар жатады».
Айта кету керек, Газадағы палестиналық отбасылар, әсіресе «Сары сызық» деп аталатын аймақтардағы шатырларда тұратындар, азық-түлік тапшылығына, су мен электр қуатының жетіспеушілігіне, сондай-ақ Израиль әскерлерінің атыс-шабыстары мен шабуылдарынан үнемі қорқып отыр.
Палестиналық босқындар гуманитарлық көмектің кіруіне қойылған шектеулер Рамазан айында азық-түлік дағдарысын тереңдеткенін және көптеген отбасылар ауыз ашар мен сәресін аз тамақпен өткізуге мәжбүр екенін айтады.