ParsToday- Иран Президенті америкалықтарға үндеу жолдап, қазіргі соғыс американың қай халқының нақты мүддесіне қызмет етеді деген сұрақ қойып, Иранның маңызды инфрақұрылымдарына, оның ішінде энергия және өнеркәсіп нысандарына бағытталған шабуылдардың тікелей нысаны – иран халқы екенін айтты.
ParsToday хабарлауынша, Иран Президенті Масуд Пезешкиан Америка мен сионистік режимнің Иран инфрақұрылымдарына шабуылдары тұрақсыздықтың кеңеюі, адам шығыны мен экономикалық шығындардың артуы және шиеленістің шеңберінің кеңеюін білдіреді деп мәлімдеп: «Бұл жол күштің белгісі емес, тұрақты шешім қабылдай алмаудың белгісі»,- деп баса айтты.
ИИР Президенті елінің келіссөз жолымен жүріп, келісімге қол жеткізіп, міндеттемелерін орындағанына тоқталып: «Келісімнен шығу, қақтығысқа бару және келіссөз ортасында екі рет шабуыл жасау –шетелдік агрессорлардың ниеттерін жүзеге асыру үшін АҚШ үкіметі тарапынан қабылданған шешімдер болды»,- деп мәлімдеді.
Пезешкиан: «АҚШ Израильдің прокси күші ретінде және сионистік режимнің итермелеуімен осы агрессияға кіріспеді ме? Израиль қазір соңғы американдық сарбазға дейін және американдық салық төлеушінің соңғы центіне дейін Иранға қарсы соғысты жалғастыру, шығындарды Иранға, аймақ елдеріне және Америкаға жүктеп, өзі шетте қауіпсіз жағдайда қалу шешім қабылдамады ма? Шын мәнінде, бүгін АҚШ үкіметінің басымдықтар тізімінде бірінші орында «алдымен Америка ма»? деген сұрақтар көтерді.