Бақаи: Басқыншылар 600-ден астам мектеп пен білім орталығын нысанаға алды

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі өткен 33 күнде басқыншылардың Минабтағы Шәжере Тайыба мектебі мен Ламерд спорт залын қоса алғанда 600-ден астам мектеп пен білім орталығын әдейі нысанаға алғанын мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Бақаи әлеуметтік желіде: «Бұл жай ғана қатыгездік емес, бұл Иранға қарсы заңсыз соғыстың жүйелі және қорқынышты үлгісінің бір бөлігі»,- деп жазды.‌

ИИР Сыртқы істер министрлігінің өкілі: «Қазіргі жағдайды сипаттауға «соғыс қылмысы» термині жарамайтынын және америка-израильдік басшылардың ирандықтарға қарсы қатыгездік мәлімдемелеріне байланысты бұл қылмыстар – геноцид»,- деп баса айтты.