Американдықтардың қолы Ормуз бұғазына жетпейді

Қарулы күштердің аға хатшысы: «Американдықтардың қолы Ормуз бұғазына мүлдем жетпейді»,- деді.

Сардар Әбуфәзыл Шеқарчи теледидарлық сұхбатта: «Американдықтар қате есептерге сүйеніп, соғысқа кірді және АҚШ пен сионист режимінің шабуылы әлемге АҚШ-пен келіссөздің еш пайдасы жоқ екенін, барлығы шығын мен зиян екенін көрсетті», – деді.

Ол: «Трамп АҚШ тарихындағы ең өтірікші, ең жаман атты және ең төмен президент болып табылады», – деді.

Шекарчи жауларға: «Сіздер ешқандай жетістікке қол жеткізбедіңдер, соғыстың бірінші күнінен бастап күн сайын бір қадам шегеріп бара жатырсыңдар, сіздер Иран Ислам Республикасының жүйесін құлатып, барлық қарулы күштерін жоюды көздедіңдер; сіздер Ормуз бұғазына үстемдік ету туралы айттыңдар. Американдықтардың қолы Ормуз бұғазына мүлдем жетпейді», – деп мәлімдеді.