«Хатам әл-Анбия» штабы жаулардың Иран инфрақұрылымына қол сұғуына ескерту жасады

«Хатам әл-Анбия» орталық штабының баспасөз хатшысы Трамптың бос сөздеріне реакция білдіріп: «Егер бұл қауіп-қатерлер іске асса, Иранның қарулы күштері сионистік режим пен Американың барлық активтерін нысанаға алады», — деді.‌

Ибрахим Золфақари, «Хазрет Хатам әл-Анбия (с.ғ.с)» орталық штабының баспасөз хатшысы былай деді: «АҚШ Президентінің сандырақ сөздеріне және оның Иранның көпірлерін, электр станциялары мен энергия инфрақұрылымын жою туралы қайталанған қоқан-лоқыларына жауап ретінде, тағы да ескертеміз: егер бұл қауіп-қатерлер іске асса, Иран Ислам Республикасының қуатты қарулы күштері аймақтағы және басып алынған аумақтардағы сионистік режим пен Американың отын, энергетика, экономикалық орталықтары мен электр станцияларындағы барлық активтеріне соққы берумен қатар, олардың және сионистік режим пен Американың қабылдаушы әрі одақтас елдерінің маңыздырақ және ауқымдырақ капиталдарын бұдан да қатал әрі жойқын түрде нысанаға алады».‌

Ол сөзін жалғастырып: «Аймақтағы АҚШ әскери базаларын қабылдаушы елдер, егер зиян шекпеуді қаласа, міндетті түрде америкалықтарды өз елдерінен шығуға мәжбүрлеуі керек», – деді.