Генерал-лейтенант Абдллахи: «Американдық-сионистік дұшпан шабуыл жасаса, олардың барлық инфрақұрылымдарына үздіксіз шабуылдар жасаймыз»,- деді.
«Хатам әл-Анбия» орталық қолбасшысы ұшқыш генерал-лейтенант Әли Абдоллахидің американдық-сионистік дұшпанға ескертуінің толық мәтіні:«АҚШ-тың агрессиялық және соғысқұмар президенті бірінен соң бірі орын алған сәтсіздіктерінен кейін ақылсыз, ашушаң, тепе-теңдіктен тыс және ақылсыз әрекетте елдің инфрақұрылымдары мен ұлттық байлықтарымызға қауіп төндірді.
Біз Қарулы күштер ұлт құқықтарын қорғау және ұлттық байлықтарды сақтау үшін дайынбыз және әрбір агрессорды орнына қоямыз.
Американдық-сионистік дұшпан шабуыл жасаса, Американың терроршы әскері пайдаланатын барлық инфрақұрылымдарды және сионист режимінің инфрақұрылымдарын үздіксіз шабуылдарға ұшыратамыз.
Таңылған соғыс басталғаннан бері біз айтқанымызды орындадық. Бұл жолдаудың қарапайым мағынасы: сіздер үшін тозақ есіктері ашылады».