Венадағы халықаралық ұйымдардағы Ресей өкілі Михаил Ульянов АҚШ үкіметінің уран байытуға қатысты ұстанымдарын ақылға қайшы және сындарлы емес деп бағалады.
ИСНА агенттігінің хабарлауынша, Ульянов Х әлеуметтік желіде: «АҚШ-тың Ирандағы уран байытуға қатысты қазіргі ұстанымы өте идеологиялық, ақылға қайшы және сындарлы емес» деп жазды.
Ол былай деп жалғастырды: «Бұл NPT келісіміндегі ядролық қару таратпау принциптеріне қайшы және Таяу Шығыстағы жағдайды қалыпқа келтіру мүдделеріне қайшы» деді.
Айта кететін жәйт, АҚШ президенті Дональд Трамп бос сөздерінде «Ирандағы уран байыту нөл деңгейде» деп баса айтқан; бұл ұстаным Иран және әлемнің көптеген елдері тарапынан қатаң түрде жоққа шығарылған. Елдер NPT негізінде бейбіт мақсатта ядролық отын циклының барлық артықшылықтарын пайдалану құқығына ие.