Ағылшын «Телеграф» басылымы АҚШ пен сионист режимінің ИИР-на қарсы бірлескен әскери агрессия салдары туралы хабарламада Парсы шығанағы араб елдерінің Трамптың аймақта соғыс бастауына байланысты үлкен шығынға ұшырағанын жазды.
ИРНА агенттігінің жұма таңғы хабарлауынша, «Телеграф»: «Соңғы әскери шиеленістер АҚШ пен Израилдің Иранға қарсы шабуылдарынан туындады, ол әскери өлшемдерден тыс Парсы шығанағы елдерінің экономикалық және қауіпсіздік құрылымдарын бұрын-соңды болмаған дағдарысқа тіреді»,- деп жазған.
«Телеграф» есебінде былай деп айтылды: «Басқа жағынан Иранның Ормуз бұғазынан өту төлемақысын енгізу мүмкіндігі оларға үлкен шығын келтіреді, олар бұрын өз қауіпсіздігі үшін Вашингтонға сүйенген».
Бұл есепке сәйкес, бұл соғыс Парсы шығанағы араб елдеріне үлкен қаржылық шығын әкелуымен бірге, Дубай сияқты батыстық инвесторлардың қауіпсіз панажайы есептелген аймақтардың беделін қатты шайқады.
Есептің жалғасында, Вашингтон мен оның араб одақтастарының шайқалған қатынастарын қалпына келтіру қазір белгісіз жағдайда екенін айтып: АҚШ жабдықтарының салыстырмалы тиімсіздігі араб елдерін Шығыс Азия елдерінің қорғаныс қаруларына бұрылуға итермеледі, өйткені Оңтүстік Кореяның «Ханва» ПВО жүйелері соңғы соғыста АҚШ «Патриот» жүйелерінен сәттірек жұмыс істеді.
«Телеграф» есебінің соңында Вашингтон мен Парсы шығанағы дәстүрлі одақтастарының қатынастары қаншалықты қалпына келтірілетініне байланысты саяси орталардағы негізгі сұраққа тоқталып: «Соғыстың экономикалық шығындарынан және Трамптың дипломатиялық қорлауынан туындаған өкініш аймақ елдерін қауіпсіздік стратегияларын қайта анықтауға және халықаралық серіктестерді әртараптандыруға итермелейді»,- деп жазды.