ИИР Ислам Кеңесі Мәжілісінің спикері Рим Папасы Леоның сионистік режим мен АҚШ-тың соғыс қылмыстарына қарсы ұстанымын жоғары бағалады.
Мәжіліс спикері Мұхаммад Бақер Қалибаф X әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Трамптың әлем христиандарының көшбасшысына деген құрметсіздігіне реакция білдіріп, былай деп жазды: «Рим Папасы Леоның батыл ұстанымын жоғары бағалаймын! Израиль мен Американың соғыс қылмыстарын айыптаған Рим Папасының «Менде қорқыныш жоқ» деген ұраны жаңғырып тұр. Сіздің көшбасшылығыңыз миллиондаған адамдарға шабыт береді. Осы жарық үшін рақмет!»