ИИР Бірінші вице-президенті Иранды тығырыққа тіреу үшін бір кезде ұшақтарға отын сатудан бас тартқандарын айта келе: «Бүгін сол елдер Иранмен энергетикалық артерияларын жалғастыру үшін келіссөздер үстеліне отырды»,- деді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Реза Ареф өзінің X әлеуметтік желідегі аккаунтында былай деп жазды:
«Бір кездері олар Иран халқын тығырыққа тіреу үшін біздің ұшақтарымызға отын сатудан бас тартқан. Бүгінде сол елдер Иранмен энергетикалық артерияларын жалғастыру үшін келіссөздер үстеліне отырды. Бұл табандылықтың нәтижесі; біз санкцияларға ұшыраудан әлемдік қажеттіліктерді қамтамасыз етуші деңгейге жеттік».