ИРНА – ИИР Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер орынбасары Қазем Ғарибабади бүгін, 2 мамыр сенбі күні Тегерандағы кейбір шетелдік елшілермен кездесуде АҚШ пен сионистер режимінің Иранға қарсы соғыс пен агрессияны тоқтату туралы ИИР-дың соңғы ұсынысын оларға хабарлады.
ИРНА-ның Сыртқы саясат басылымының хабарлауынша, осы кездесуде Ғарибабади ИИР-дың ел мен халыққа қарсы кез келген агресияны тойтаруға толық және шешімді дайындығы бар екенін баса айтып, Иран мәселелерді шешу үшін мүдделерге негізделген дипломатияға әрқашан сенетінін және өз үлесін қосқанын атап өтті.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары: «ИИР соғысты тұрақты тоқтату мақсатында Пәкістанға араласушы ретінде өз жоспарын ұсынды және қазір доп АҚШ-тың алаңында, дипломатия жолы немесе қақтығысқа негізделген тәсілді таңдауға» деді.
Ғарибабади былай деп баса айтты: «ИИР ұлттық мүдделер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында екі жолға да дайын және әр жағдайда АҚШ-қа деген күмән мен сенбеушілікті, дипломатия жолындағы шындықты сақтайды».
Айта кететін жәйт, осы кездесуден бұрын Қытай мен Ресей елшілері Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер орынбасарымен үшжақты кездесуді өткізді.