Жозеп Боррель: Еуропалық Одақ саяси салмағын жоғалтты

Еуропалық Одақтың бұрынғы шенеунігі Батыс блогындағы негізгі кемшіліктерді атап өтіп, оның шешім қабылдау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізуге шақырды.

ЕО-ның бұрынғы сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррельдің айтуынша, блоктағы құрылымдық кемшіліктер Еуропаны негізгі мәселелер бойынша келісімге келе алмай, әлемдік аренада «маңызды емес» етіп қойған.

Еуропалық Одақтың басынан бастап «бүгінгі өмір сүріп жатқан әлем үшін жасалмағанын» айта келе, Боррель: «Одақтың шешім қабылдау процесі үнемі өзгеріп отыратын жаһандық жағдайға жауап беру қабілеті жағынан жеткіліксіз», – деді.

«Шешім қабылдау ережелері тарих қарқынына ілесе алмай жатыр», – деді ол. «Біз әлі де өте тез болатын және өте маңызды оқиғалар бойынша бірауыздан шешім қабылдағымыз келеді, және біз ешқашан келісімге келе алмаймыз. Ол қазіргі жүйе ЕО-ны «халықаралық саясаттан мүлдем тыс қалдырады»,- деп қосты.

Боррель ЕО-ға өз ішінде тағы бір топ құруды ұсынды, бірақ бұл шағын топтың әлеуетті мүшелеріне арналған нақты критерийлерді көрсетпеді.

Ол тек «шынымен де әрі қарай және жылдамырақ жүргісі келетін аз ғана елдердің» осы топқа мүше бола алатынын атап өтті.

Bloomberg бұған дейін ЕО-ға мүше он шақты мемлекеттен тұратын топ консенсус қағидатын білікті көпшілік дауыс беру механизмімен ауыстырудың заңды нұсқаларын зерттеп жатқанын хабарлаған болатын, бұл өзгеріс шешім қабылдауды жылдамдатады және тиімдірек етеді, сондай-ақ кейбір елдердің біржақты ықпал етуіне жол бермейді.