«Хакім Омар Хайям» деген атпен танымал Ғиасаддин Абулфатх Омар бен Ибрахим Хайям – Иранның философы, математигі, астрономы мен ақыны. Ол х.ш.ж.с.б. 427 жылы Нишапурде дүниеге келіп, 510 жылы қайтыс болған.
Хайям өз заманының көптеген ғылымдары бойынша танымал тұлға болған. Жастық шағында теңіз суының көтерілу және қайту тәсілі туралы трактат жазған. Ал Самарқанда болғанда алгебра мен салыстыру туралы трактат жазған. Бұл трактатта екінші және үшінші дәрежелі есептер геометрия мен алгебра жолдарымен шешілген. Ол алгебралық мәселелердің көбін конустық қималар арқылы шешкен. Хайям математика саласында келесі ғасырларда еуропалық математиктер көп қолданған жаңалықтар ашқан.
Ол х.қ.ж.с.б. 467 жылы (1074 жылы) 27 жасында сол замандағы атақты данышпандар мен математиктермен бірлесе отырып қазіргі күнтізбені жасауға тапсырма алады. Исфаханның обсерваториясында төрт жылға созылған осы топтық істің нәтижесі – Джалали күнтізбесі. Ол әлі күнге дейін әлемдегі ең нақты күнтізбелердің бірі саналады.
Хайам х.қ.ж.с.б. 470 жылы (1077 жылы) геометрия туралы трактат жазды. Бұл трактатта Евклидтің геометриялық принциптерін, әсіресе оның бесінші принципін талдап, жүздеген жыл бойы әлемнің жер-жеріндегі оқу орталықтарында оқытылған бұл принциптердің қателіктерін атап көрсетіп, Евклидтен бөлек геометрияның негізін қалады.
АҚШ тарихшысы Джордж Сартон (George Sarton) Хайямды Орта ғасырлардағы ұлы математиктердің бірі деп атап, былай дейді:
«Хайям жүйелі ғылыми зерттеулер арқылы бірінші, екінші және үшінші дәрежелері есептерді шығаруға күш салып, оларды мадақтауға боларлық категорияларға бөлген бірінші адам болған… Оның осы зерттеулерге кірген алгебра ғылымы туралы трактаты жүйелі ғылыми ойды таныстырады. Бұл трактат – Орта ғасырлардағы ең көрнекті туындылардың бірі, сондай-ақ, осы ғылым бойынша ең құнды еңбек болуы ықтимал».
Хайямның еңбектері көп. Оның кейбір туындылары, соның ішінде «Алгебра мен салыстыру» атты еңбегі математика ғылымы әлемінде ерекше маңызды. Хайямның ғылыми дәрежесі оның әдебиеттегі орнынан жоғары болып, «Ходжат ул-хақ» деген лақап атқа ие болғанымен ол әлемге көбінесе рубаиларымен танымал болған. Хайямның рубаилары парсы тілінде жүздеген рет, ал оның әртүрлі тілдердегі аудармалары да сан рет басылып шыққан.
Хайямның кесенесі қазір Нишапур қаласында имамзада Махруқтың кесенесі де сол жердегі бақта орналасқан.