Құрбан айт

Зилхадже онкүндігінің соңғы күні – Құрбан айт. Дүниелік қызықтардан аулақ болып, рәсімдерін орындап, ақырғы мекеніне жеткен Алла үйінің қажылары бұл күні құрбандық шалып, жақындық пен тазару мерекесін тойлайды.

Қажылар қайталанбас іс жүзіндегі бірлігімен  илаһи парызын сәтті орындағаны үшін бір-бірін құттықтайды. Дүниежүзіндегі мұсылмандар Құрбан айтты бір күннен бір аптаға дейін тойлайды. Олар ең жақсы киімдерін киіп, осы күнге арналған арнайы ғибадаттарды орындап, соның ішінде ұлы Құрбан айт намазын оқығаннан кейін бір-бірне қонаққа барып, қуанышқа бөленеді.

Құрбандық шалу Қағба қажылары үшін және ұлы қажылық рәсімінде парыз болғанымен, әлемдегі көптеген мұсылмандар бұл күні Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) дәстүрін еске алу үшін қой, сиыр немесе түйе құрбандыққа шалады. Құрбандықтың еті көршілер мен кедейлер арасында таратылады.

Құрбан айт – адамның Аллаға жақындау жағдайына қайта оралуын білдіреді. Бұл жағдайға нәпсімен күресу, өзін-өзі жетілдіру және таза мүмкіндіктерді пайдалану арқылы жетуге болады.

Құрбан айт күні Минада қажылар мал сойған кезде «мен аспан мен жерді жаратқанға бет бұрдым» деген сөздер кеңстікте жаңғырады және Алланың   адал екі құлы – Ибрахим мен Исмаилдың таңғажайып және шабыттандыратын естелігі еске түседі. Жүзі жарқыраған, қарт әке өзіне ұқсас баласының бас жағында тұр. Ол Алланың бұйырығын орындап, жылдар бойы күткен перзентін өткір пышақпен құрбан етпек болды. Перзенті де қорықпай, Аллаға бағынып, толқыған әкесінің жүрегін жұбатып: «Әке, саған тапсырған нәрсені істе. Мен де Алланың қалауымен сабыр етушілердің қатарынан боламын»,- деді. Ақырында, хазірет Ибраһим бұл ұлы илаһи сынақтан толық табыспен шығып, Алла жолында ықылас пен жанқиярлық дәрежесіне жетті. Бұл бірқұдайшылық пен илаһи ықыластың естелігін ұмытпау үшін Алла Тағала жыл сайын қажылық кезінде Минада қой, сиыр немесе түйе сойып тұруды бұйырды. Сөйтіп сол жарқын көрініс адамзат тарихында мәңгілік нұр болып жарқырайды және  хазірет Ибраһим мен хазірет Исмаилдің жанқиярлығы  адамзаттың абыройы мен қасиетін көрсететін құжат болып қалды.

Мұсылмандар Құрбан айт күні жамағатты жиындар ұйымдастырып, айт намазын оқып, уағыз оқу арқылы өздерінің ұлы және жәннаттағы бірлігін әлемге танытуға міндетті. Негізінде, Құрбан айт – мұсылмандардың бірігуі мен бірлігі және дұшпандардың қастандықтарын залалсыздандыру үшін ең маңызды мүмкіндіктердің бірі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жаңа мүмкіндіктерді жобалап,  мақсаттарына жету үшін пайдалана алады. 

Илаһи емтихандар пенделерді сынаудың бір түрі. Сынақтарда әрқашан құрбандық пен кешірім бар. Кейде бұл өмір немесе мүліктен айырылу, кейде  біреудің айтқан сөзін немесе  жақындарынан кешіру.  Сынақ – қиындық пен азап алқабынан өту деген сөз. Кейде адам немесе халық қиындықтармен бетпе-бет келеді және олардан шығу қиын болады. Өтіп кете алса, мақсатына жетеді. Бірақ дарынның жоқтығынан немесе нәпсісін жеңе алмағандықтан өте алмаса, қалады. Басқаша айтқанда, сынақ –  мақсатқа қарай жасалған қадам.  

Алла Тағала Ибраһимның (ғ.с.)  осы үлкен сынақта жеңіске жеткенін мақтап,  ұлының орнына құрбандыққа шалуға үлкен қошқар жібереді. Сөйтіп құрбандық шалу қажылық рәсімдеріне біріне айналды. «Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық.   Кейінгі нәсілдерде, оған (жақсы даңқ) қалдырдық». («Саффат», 107-108-ші аяттар).

Өмір сынақтарынан өту үшін Алла Тағала Құран Кәрімде хазірет Ибраһимді (ғ.с.) осындай қасиеттерге ие болғаны үшін құрметтеген  қасиет керек. Құран бір жерде көрегендік пен ақылын  таныстырады: «(Мұхаммад с.ғ.с.) құлымыз Ибраһим, Исхақ және Яқұбты (ғ.с.) есіңе ал. Олар мықты да қырағы еді». («Сод» сүресі, 45-ші аят). Тағы бір жерде оны өз нәпсісін жеңген  бар адам ретінде таныстырады: «Расында Біз оларды нағыз ақыретті еске алуға арнадық». («Сод» сүресі, 46-шы аят). Құран Кәрім тәпсіршілері осы аят туралы: «Иә, олар о дүниені үнемі еске алып отыратын, дүниедегі санаулы күндік өмір және, оның ләззаттарымен шектелмеген. Олар  бұл өткінші өмірдің арғы жағында шексіз нығметтері бар мәңгі сарайды көрді және әрқашан соған ұмтылды»,- деді. Аяттар хазірет Ибраһимнің   өмір салтында Аллаға тәуекел ету және Оның жолында болудың белгілі екендігін көрсетеді.