Қазақстан ЖИ қабылдау деңгейі жоғары елдердің қатарына енді

OpenAI делегациясының Қазақстанға сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен кездесу өтті.

Тараптар жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуды, бірлескен білім беру бастамаларын іске асыруды, ChatGPT Edu құралдарын енгізуді, сондай-ақ студенттер, оқытушылар мен мамандар арасында ЖИ-ді пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған серіктестіктің алдағы бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында OpenAI өкілдері Қазақстанда ЖИ пайдаланылуы туралы сараптамалық деректерді ұсынды.