Маусым айы Иранның мұсылман халқын өз жетекшілігімен азаттық пен мақтанышқа жеткізген ұлы адамды еске салады.
Маусым айы Иранның мұсылман халқын өз жетекшілігімен азаттық пен мақтанышқа жеткізген ұлы адамды еске салады. Ол заманауи адамның шиелі қарым-қатынастарын шынайы түсінуі және оның өмірінің іргелі мәселелеріне назар аудару арқылы өзінің ұлы және дана жеке басымен халықты езгі мен диктатура құрсауынан босату үшін қорқыныш пен өзін-өзі жою ой-пікірді бұзды. Ол қазіргі заманның маңызды құбылысы деп аталған Ислам революциясының жетекшісі, ұстазы және негізін қалаушы. Ислам революциясының ұлы сәулетшісі имам Хомейнидің қайтыс болғанынан бері 32 жыл өтті. Кейбіреулер уақыт өткен сайын, имам Хомейниді еске алу азаяды деп ойлайды, бірақ әлемдегі жаңа өзгерістердің тенденциясы оның жолы мен тәсілінің көбірек еске алынатынын көрсетті. Адамзат ХХІ ғасырдың шарықтауы мен құлдырауынан өтіп, шынайы бақытқа, бостандық пен бейбітшілікке қол жеткізеді деп ойлады. Бірақ өзімшілдік пен топтық үстемдік адамзат қоғамын бұл мүмкіндіктен айырды. Осы кезде имам Хомейнидің: «Адамдарды азат етудің жалғыз жолы – илаһи пайғамбарлар, яғни хазірет Ибраһим, хазірет Мұса, хазірет Иса және хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) жолына жақындауы»,- деген сөзі еске түседі. Имам Хомейнидің пікірінше, адамзат тарихындағы ең үлкен қылмыстардың тамырын билік пен мансапқа деген сүйіспеншіліктен іздеу керек. Адам әрқашан даналық пен білімге ие, сондай-ақ Аллаға иман келтірген және халықты жақсы көретін көшбасшыларды қажет етеді. Имам Хомейни осындай қадір-қасиеттерімен ХХ ғасырдағы ең ірі революциялардың бірін ұйымдастырып, халықтың арасында шындықтың талап ету және адамгершілік рухын ең жоғарғы дәрежеде қайта жандандырды.
Имам Хомейнидің көзқарасы, әдісі және өмірі ерекше болды. Жас кезінен және білім алуынан бастап, имамның рухани және интеллектуалды ортасы басқа саяси басшылардан өзгеше болды. Ол қарапайым өмірді қиындықпен бастады. Жастық шағында ол нәпсісін тазарту кезеңдерінен өтіп, мистицизм мен рухани мінез-құлықтың жоғары деңгейіне қол жеткізді. Ол ондаған жылдар бойы білім алу, зерттеу мен жазумен айналысты. Көптеген кітаптар жазып, көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Имам саяси күресі кезінде ешбір саяси партияға мүше болмады және оның ешбіреуінде қызмет етпеді. Ол барлық адамдарды Алланы, шындықты және әділеттілікті іздейтін сипатқа ие болғандықтан шайтан сипаттылар, алдап-арбайтындар және залымдармен күресуге шақырды және оларды тағдыры үшін жауапті деп білді. Ол халықтармен сөйлесіп, халықтармен жүзеге асырылған жағдайда әлемдегі ұлы өзгерістердің сәтсіздікке ұшырамайтынына сенді. Егер халық оянса, әлемді өзгерте алады және зорлық-зомбылық пен әділетсіздікті жоя алады. Көптеген саяси басшылардан керісінше имам Хомейни өзі мен өзінің жеке мүддесі туралы ойлаудың орнына халықтың бақытты болуын ойлады.