Түркістан облысының Жетісай ауданында мақта алқаптарын суару жұмыстары басталды.
«Қазсушар» РМК-ның Түркістан филиалы биыл Жетісай ауданындағы алғашқы мақта алқаптарына су жеткізе бастады. «Төлеген ата» шаруа қожалығы суармалы суды К-30 каналы арқылы алып отыр. Егістік алқаптарын суаруға кіріскен диқандар биыл судың қажетті көлемде және тұрақты түрде беріліп жатқанын айтып жатыр.
– Биыл 9,5 гектар алқапқа мақта ектік, қазір алқапты суаруды бастадық. Су мол, тұрақты келіп жатыр. Ол үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғысымызды білдіреміз, – деді «Төлеген ата» шаруа қожалығының төрағасы Мейрамбек Қуатбек.
Айта кетейік, жыл басынан бері «Қазсушар» РМК-ның Түркістан филиалы Жетісай ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігі үшін 340 млн текше метрден астам су жеткізді.