New York Times: Каспий теңізі – АҚШ санкцияларына қарсы тұратын Иран мен Ресей арасындағы көпір

Американдық газет өз есебінде Каспий теңізі АҚШ санкцияларын айналып өтудің негізгі орны екенін және Ресейдің осы жол арқылы Иранға дрон бөлшектерінен бастап астыққа дейінгі барлық нәрсені жіберетінін мәлімдеді.

New York Times американдық дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Ресейдің Каспий теңізі арқылы Иранға кейбір дрон бөлшектерін жіберіп, әлемдегі ең үлкен көлді Иранмен сауда үшін маңызды арнаға айналдығанын хабарлайды.

Белгісіз дереккөздердің айтуынша, бұл сауда дәлізі Иранға АҚШ пен Израильмен соғыстан кейін өзін қалпына келтіруге көмектеседі.

Есепте Каспий теңізі Иран мен Ресейді байланыстыратын көпір ретінде қызмет ететіні айтылған. Бұл теңіз Ресей мен Иранға АҚШ пен басқа елдердің санкцияларына бағынбай еркін сауда жасауға мүмкіндік береді делінген.

Есепке сәйкес, Ресей әдетте Ормуз бұғазы арқылы өтетін тауарларды жібереді. Каспий теңізі арқылы транзитпен өтетін тауарларға астық, мал жемі, күнбағыс майы және басқа да негізгі өнімдер жатады.

«Егер сіз санкциялар мен әскери трансферттерді айналып өтудің тамаша орнын іздесеңіз, ол – Каспий теңізі», – дейді Париж университетінің Саяси ғылымдар мектебінің профессоры Николь Граевски.

Сол сияқты, Гудзон институтының аға ғылыми қызметкері Люк Коффи: «Американдық саясаткерлер үшін Каспий теңізі геосаяси қара тесік; ол іс жүзінде жоқтың қасы», – деді.