Биыл Қазақстан 98 млн тонна мұнай өндіреді

Биыл Қазақстан 98 млн тонна мұнай өндіреді. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім етті.

Ақкенженов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып: «Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемінің уақытша төмендеуі мен Каспий құбыр консорциумының мұнай инфрақұрылымына соққы жасалуы жағдайын ескере отырып, осы жылы 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отырмыз, — деді.

Айта кетейік, еліміз биыл 76 млн тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр.