Велаяти: Трамп әлемдік экономика мен саясаттан хабарсыз

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: «Әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі Ормуз бұғазындағы Иранның шешіміне байланысты болып отырған жағдайда, Иранды аштықпен қорқыту Трамптың экономикадан хабарсыздығын көрсетеді»,- деп жазды.

Әлиакбар Велаяти 3 мамырда X әлеуметтік желісіндегі парақшасында былай деп жазды: «Трамптың Голливуд шоулары мен клоундықтары геосаясаттың шындығын жасыра алмайды».

Ол: «Германиядан әскерлердің шығарылуы, НАТО-ны әлсірету және кемелердің жиі техникалық ақаулары Ақ үйдің армандары мен өріс шындығы арасындағы қайшылықты көрсетеді»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: «Әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі Ормуз бұғазындағы Иранның шешіміне байланысты болып отырған жағдайда, Иранды аштықпен қорқыту Трамптың экономикадан хабарсыздығын көрсетеді»,- деп баса айтты.

Велаяти: «Мырза Трамп! Халықаралық саясат Джек Спарроу фильмінің локациясы емес; өмірлік маңызды артерияларды ойынға айналдырған адам өзі қыспаққа түседі».