Гросси Қазақстан Иран уранын сақтауға дайын екенін мәлімдеді

Атом Қуаты Халықаралық агенттігінің (АҚХА) бас директоры Қазақстан Иранның байытылған уран қорларын сақтауға дайын екенін мәлімдегенін жарялады.

АҚХА бас директоры Рафаэль Гросси Тегеран мен Вашингтон келісімге келген жағдайда Қазақстан Иранның байытылған уран қорларын алуға дайын екенін мәлімдеді.

Financial Times басылымына берген сұхбатында Рафаэль Гросси бұл ұсыныс осы аптада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚХА бас директоры арасындағы кездесу кезінде көтерілгенін айтты.

Қазіргі уақытта Қазақстанда халықаралық бақылаудағы төмен байытылған уран банкі орналасқан. Қойма 2017 жылы АҚХА-мен бірлесіп ашылды.

Бұған дейін Ресей де Иранның байытылған уранын сақтауға дайын екенін мәлімдеген болатын. Дегенмен, Иранның билігі байытылған материалдарды шетелге тасымалдауды жоққа шығарды.

Иран Парламентінің Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының басшысы Ибрахим Азизи Иранның бұл мәселедегі ұстанымын атап өтті. РИА Новостиге берген сұхбатында ол: «Біздің байытылған уранымызды беруге ешқандай негіз жоқ. Біз уранымызды үшінші елге, делдалға немесе басқа жерге беруді көздемейміз», – деді.