Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы соңғы екі айда мұнайға сұраныс өсімінің аздап баяулағанын байқап отыр. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Хайсам әл-Ғайс Петербург халықаралық экономикалық форумында мәлімдеді.
– Иә, біз соңғы екі айда мұнайға сұраныстың өсу қарқыны болжаммен салыстырғанда баяулағанын көріп отырмыз. Алайда бұл айтарлықтай өзгеріс емес, – деді ол.
ОПЕК бас хатшысының айтуынша, мұнайға сұраныс 2027 жылға қарай қайта қарқын алады.
– Келер жылы сұраныс өсімі тәулігіне 1,5 миллион баррель деңгейінде болады деп ойлап отырмыз, — деп қосты Хайсам әл-Ғайс.
Оның сөзінше, қазіргі баяулау ұйымның ұзақ мерзімді болжамдарына елеулі әсер етпейді.
Бұған дейін Лондонда өткен Таяу Шығыстағы мұнай және газ мәселелеріне арналған конференцияда сарапшылар әлемдік мұнай нарығының ахуалын талқылаған болатын.
Кездесуде жеткізу тізбегіндегі іркілістердің ықпалы мен энергетикалық қауіпсіздік саласындағы өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Осыған дейін сарапшылар мұнайдың өзіне сұраныс кеміп, өнімдеріне артуы мүмкін екені туралы айтқан еді.