Хиджраттың 10-шы жылының 18 зихадже күні Мекке-Медине жолында Ғадир Хом мекенінде маңызды оқиға орын алды.
Ғадир мейрамы – мұсылмандардың қуанышқа бөленіп, шаттанатын күні. Ғадир мейрамы құтты болсын!
Ғадир күні Алла Тағаланың бұйрығымен исламдық тағылымдардың құнды мұрасы «Әли» (ғ.с.) деген ұлы адамға тапсырылып, Исламның ұлық пайғамбары өз орынбасарын таныстырды.
Адамгершілік пен құндылықтар ұмытылған жағдайда Алла елшісі біреуді немесе бір нәрсені Аллаға теңеумен, яғни ширкпен, надандық, зұлымдық және бұзақылықпен күресіп, махаббат пен мейірімге толы рухымен Исламды кеңейтіп, өз жақтастарына илаһи тағылымдарды үйретті. Хазірет адамдарды бақыт пен кемелдікке шақырып, олардың жүректерінде бауырмалдық, теңдік пен иманды қалыптастырды. Алла елшісі надандықты алыстатып, жүректерді адамгершілік пен руханияттың нұрымен толтырды. Сонымен бірге Пайғамбар адамдарды ақыретте құтқаратын заңдар топтамасын ұсынып, Құран Кәрімді адамзат өмірінің үлгісіне айналдырды. Алла елшісі Исламның құндылықтарын адамдардың материалды және рухани бақытының кепілі ретінде таныстырып, Ислам дініне жабысуды дүние мен ақыретте құтқаратын фактор деп атады. Алайда Пайғамбардан (с.ғ.с.) кейін бұл жолды кім жалғастырып, халыққа дұрыс жолды кім нұсқайды?
Алла елшісі өмірінің соңғы жылы өзінің ең жақсы орынбасары болатын адам туралы ойланды. Сонда Алла Тағала хазіретке көмектесті. Жүздеген мың мұсылман Исламның ұлық пайғамбарымен біргі қажылық міндеттерін орындаған хазіреттің соңғы қажылығында Жаратушы: «Әй, Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Алла сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз, Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды»,- деген «Мәиде» сүресінің 67-ші аятын жіберді. Соңғы қажылығынан оралып келе жатқан жолда Мекке мен Мединенің арасында «Ғадир Хом» деген тоғанның қасында Алла елшісі халыққа тоқтауды бұйырады. Сахабалар хазіреттің нұрлы жүзіне қарап, маңызды тақырыпты айтқысы келіп тұрғанын түсінеді. Хиджаздың күні күйіп тұрған еді. Алла елшісі алға кеткендерді қайтарып, артта қалғандарды күтуді бұйырады. Зуһр намазы оқылып, оның құтпасынан кейін Исламның ұлық пайғамбары Әли (ғ.с.)-ның қолын көтеріп: «Мені өз басшысы деп санайтын әр адам үшін Әли де оның басшысы»,- деді.
Алла елшісі барша естісін деп, бұл сөзді бірнеше рет қайталады. Содан соң басын аспанға көтеріп, Құдайдан: «Уа, Алла! Әлидің достары мен серіктерін жақсы көр; Әлиге дұшпандық жасайтындарға дұшпан бол, оған көмектесетіндерге көмектес, одан алыстағандардан алыста»,- деп тіледі.
Исламның ұлық пайғамбары имам Әли (ғ.с.) мен оның пәк перзенттері туралы баршаға: «Уа, халайық! Ол – Алланың дінін қолдаушы; Алланың елшісін қорғаушы. Ол – пәк тақуалықпен дұрыс жолға нұсқалған адам. Пайғамбарларың – ең жақсы пайғамбар, оның орынбасары – ең жақсы орынбасар, оның перзенттері – оның ең жақсы орынбасарлары. Уа, халайық! Алланың оны сендер үшін имам ретінде сайлап, сендердің оған бағынуларыңды уәжіп еткенің біліп, түсініңдер. Мұхаджерлер мен ансарларды, арабтар мен араб еместерді, азат адамдар мен құлдарды, үлкен мен кішіні, ақ пен қара нәсілділерді, бір Құдайға сенетін әрбір адамды оның жақтасы болуды міндеттеді. Оған қарсылық білдірген әрбір адамға Алланың лағынеті тиеді. Керісінше, оған бағынған әр адам илаһи рақымға бөленеді. Оның сөзін естіп, оған бағынған әр адамды Жаратушы кешіреді»,- деген болатын. Жиналғандардың барлығы имам Әли (ғ.с.)-ды құттықтады. Алла елшісі қуанышты болды. Халық тарамай тұрып, Жебірейл келіп, пайғамбарға (с.ғ.с.) «Мәиде» сүресінің 3-ші аятын оқыды: «…Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ, сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым…»
Cөйтіп, велаят пен имамат деп аталған Ислам тарихының жаңа кезеңі басталды. Велаят – набаватты жалғастыратын кезең. Яғни, Ғадир Хом – Исламның ұлық пайғамбарының беғсатын жалғастырушы әрі толықтырушы.
Исламдық мейрамдардың ең үлкені және ең маңыздыларының бірі Ғадир мейрамының маңыздылығы ешқашан Ислам дінінің әйгілі тұлғаларының назарынан тыс қалмайды. Рауаяттардың бірінде: «Ғадир мейрамы күні мүміндер кешіріліп, илаһи рақымға бөленеді»,- деп айтылған.
Ғадир мейрамы тек бір күн емес; Ғадир – әлемнің көлемі мен адамзат пен адамгершілігінің тереңдігіне тартылған тарихтың кілті. Ғадир ағымы бір күн емес, Ғадир – философияға ие ағым. Хижри қамари күнтізбесінің зихадже айының 18-ші жұлдызында орын алған «Ғадир Хом» оқиғасы – барлық илаһи пайғамбарлардың, әсіресе Исламның ұлық пайғамбары беғсатының жетістіктерін жалғастыру. Ғадир білім мен кемелдік, адамгершілік пен ахлақтың теңізіне жету үшін адамдарды бір түсті болуға шақырады. Алла елшісінің сөздерінің бірінде: «Ғадир Хом – ислам үмбетінің ең жақсы мейрамдарының бірі. Бұл күн – Ұлы Алла дінін толықтырып, нығметтерін пайғамбар үмбетіне тамамдаған күн»,- деп айтылған.