Ұлттық статистика бюросы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын айтты. Ведомство сайтында ресми статистикалық деректері бар электронды кесте жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 562 993 адам (1 сәуірде – 20 547 909 адам) тұрды. Жыл басынан бері халық саны 63 171 адамға өсті.
Қазақстандықтардың басым бөлігі – 13 153 726 адам – қалаларда тұрады. Ең тығыз қоныстанған мегаполис ретінде Алматы қаласы қалып отыр – мұнда 2 362 463 адам тұрады.
1 миллионнан астам адам Астана (1 668 750 адам) және Шымкентте (1 305 620 адам) қалаларында тұрады.
Халқының саны миллионнан асатын облыстар:
Түркістан облысы – 2 146 817 адам;
Алматы облысы – 1 609 784 адам;
Жамбыл облысы – 1 214 040 адам;
Қарағанды облысы – 1 131 090 адам.