Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысы қорытындысы бойынша ТМД елдерінің тау-кен металлургия кешені, көлік, радионавигация салаларын цифрлық трансформациялау, уран өндіру өндірістерінің әсеріне ұшыраған аумақтарды рекультивациялау, конгресс-көрме қызметі және тағы басқа салалардағы ынтымақтастығына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды.
“Бұдан бөлек, 2027 жылы Беларусь Республикасының Минск қаласын, 2028 жылы Қазақстан Республикасының Қарағанды қаласын ТМД жастарының астанасы деп жариялау туралы шешім қабылданды”, – деп жазылған хабарламада.
Халықаралық жоба азаматтардың жас буынын мемлекетаралық қатынастардың барлық салаларында орнықты даму бағдарламаларын жүзеге асыруға тартуға бағытталған.
(АСТАНА.KAZINFORM)