Sputnik- Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин ҚХР мемлекеттік кеңесі премьер-министрінің орынбасары Дин Сюэсянмен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу IX “Қытай-Еуразия” халықаралық көрмесінің аясында өтті.
Келіссөз барысында тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.
Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Тәуелсіздік жылдары Қытай Қазақстан экономикасына $30 млрд-қа жуық тікелей шетелдік инвестиция құйып, еліміздегі ірі инвесторлардың біріне айналды.
Көрме дәстүрлі түрде “Бір белдеу, бір жол” бастамасының негізгі халықаралық платформаларының бірі болып табылады. Ол Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Азия мен Еуропа нарықтарын байланыстыратын Қытайдағы ірі көліктік, логистикалық және сауда орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтады.
Вице-премьердің айтуынша, Үрімжідегі Экспо көрмесі биылғы жылы өнеркәсіптік ынтымақтастыққа, өзара инвестицияға және өндіріс тізбегін дамытуға тың серпін беретін жаңа бірлескен жобалардың бастау нүктесі болады.
“Қазақстан” ұлттық павильоны 30-дан астам отандық компаниялардың өнімдерін ұсынды. Көрме 29 маусымға дейін жалғасады.