Әл-Фараби атынағы ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы көрмесіне қатысты‌

8 сәуірде Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ирантану бөлімі оқытушылары мен студенттері Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы ұйымдастырған фотокөрмені тамашалап қайтты. Фотокөрме Иранның Хормозган облысының Минаб қаласындағы бастауыш мектептің бомбылау салдарынан қаза тапқан оқушыларын еске алуға арналған.‌

Фотокөрменің ашылу шарасында Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы Суна Ахмади ханым сөз сөйледі.‌

Фотокөрменің ашылуына шетелдік дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстандық зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Бұл фотокөрменің басты мақсаты – бейкүнә балалардың рухына тағзым етіп, адамдарды ынтымақтастық, гуманизм мен бейбітшілікке шақыру. Мұндай шаралар адамдарда ізгілік сезімін оятып, оларды дүниеге басқаша қарауға үйретеді.‌‌

Дайындаған: Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің аға оқытушысы Айман Жұбатқанқызы Боранбаева